5 шілдеден бастап өзінің және айналасындағы адамдардың денсаулығына бей-жай қарағаны үшін 2 778 адам айыппұл төледі. Санитарлық қызмет, полиция, әкімдік өкілдерінен құрылған мониторингтік топ мүшелерімен жабық орын жайларда қорғаныс маскаларынсыз жүрген 2 472 қазақстандық анықталды. 306 - қоғамдық орындарда және көшеде талаптарды сақтамаған.

«Материалдар Денсаулық сақтау министрлігінің бөлімшелеріне санитарлық дәрігерлерге жолданады, онда әкімшілік айыппұлға тарту туралы шешім шығарылады», - деп нақтылады Б.Қожахметов.

ДСМ ресми өкілі карантин талаптарын бұзғаны үшін кәсіпкерлер де жазаға тартылатынын еске салды. Бес аптаның ішінде 123 заңды тұлға 62,5 млн теңге мөлшерінде айыппұл төледі.