Пластик қалдықтар үлкен экологиялық проблемаға айналып отыр. Бұл проблеманың күрделілігін Қазақстанның әр азаматы сезіну керек. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте тәуелсіз сарапшы-эколог Әлия Күшбаева мәлімдеді. Оның айтуынша, қатты тұрмыстық қалдықтар мәселесін мемлекет немесе құзырлы орган жалғыз шеше алмайды

«Балабақшадан, мектептен бастап әр баланың бойына экологиялық мәдениетті сіңіріп, экологиялық тәрбие беру қажет. Қоқыс сұрыптауды үйретіп, қосымша тәрбие жұмыстары арқылы балаға түсіндіру керек. Әлемде жыл сайын миллиондаған адам, жануар, флора, фауна зардап шегеді. Пластикалық құтыдағы су канцероген шығарады, бұл адам ағзасы үшін өте қауіпті», - дейді маман.

Спикер атап өткендей, көптеген дамыған елдер пластик қолдануға қарсы шараларды қолға алды. Мысалы, Францияда бір рет қолданылатын пластикалық ыдысқа тыйым салынған.