Қазақстанның астанасын көшіру еліміздің экономикалық дамуына серпін беріп қана қойған жоқ. Жаңа елорданың құрылысы қоғамдық сананы, құндылықтар жүйесін, қазақстандықтардың ұстанымдарын әлеуметтік жобалаудың құралы болды. «Нұр Отан» партиясының Қоғамдық саясат институтының директоры Юлия Кучинская «Нұрсұлтан Назарбаев - жауапты көшбасшы: сабақтастық пен эволюция» атты халықаралық конференция аясында осындай пікірімен бөлісті.

«Елге түбегейлі өзгерістер қажет болды. Жүйе құрайтын мемлекеттік институттар құрылды. Конституциялық құрылыс үдерісі жүрді. Өзгерістер, барлық жаңа сияқты, қиын болды, көптеген қарсы тұруларға тап болды. Реформаларды одан әрі дамыту үшін өте маңызды, дегенмен бірқатар күрделі, танымал емес жұмыстарды жүргізу қажет болды», - деп атап өтті Юлия Кучинская.

Оның пікірінше, бұл кезеңде ондаған жылдар бойы қалыптасқан сана-сезімді өзгертіп, кеңес дәуірінің тарихына нүкте қою және ел жылнамасында жаңа бет ашу қажет болды.

Сарапшы жаңа елорданың құрылысы жаңа азаматтық бірегейлікті қалыптастырудың іргелі міндетін шешуге мүмкіндік берді деп есептейді.

Бүгін, 2020 жылғы 2 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында "Нұрсұлтан Назарбаев. Жауапты көшбасшылық: сабақтастық және эволюция".

Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі.