Коронавирустық инфекциямен ауырған 400-ден астам пациент Ұлттық кардиохирургиялық орталық базасында постковидтік орталықта тексеруден өтті. Пилоттық жоба өткен жылдың қазан айында қолға алынған болатын. Қабылдау бөлімінің меңгерушісі Айнұр Тәуекелованың мәліметінше, пациенттер шартты түрде 2 топқа бөлінді: симптомдары 3 аптадан астам уақыт сақталатын «лонгковидтік» және 12 аптадан астам уақыттан бері аурудың белгілері бар «постковидтік».

«Тексеруден өткен пациенттерден мыналар анықталды: 287 пациентте иммун тапшылығы жағдайы болды, 20 пациентте цитомегаловирус, жай герпес вирусы және Эппштейн-Барр вирусының белсенділігі сақталған, бұл COVID-19 инфекциясынан кейінгі клиникалық нәтиже үшін теріс қауіп факторы болып табылады. Сондай-ақ пациенттерде D, B12 витаминдерінің, фолий қышқылының тапшылығы байқалды. Когнитивті бұзылулар 190 пациентте анықталды, жүрек-қан тамыры жүйесінің патологиясы, атап айтқанда, алғаш рет 20 пациентте артериялық гипертензия анықталды және 135 пациентте таңдалған гипотензивті терапияға төзімділік байқалды. Эндокриндік патология: алғаш рет 2 пациентте қант диабеті, 13 пациентте қант диабетінің декомпенсациясы тіркелді, 40%-да қалқанша бездің дисфункциясы болды. Тыныс алу жүйесінің патологиясы - рестрикция және обстуркция түріндегі спирография нәтижелері бойынша өкпенің желдету функциясының бұзылуы. Сондай-ақ, бұл науқастарда іш қуысы мен бүйрек функциялары бұзылған», - деді сарапшы.

Енді осы мәліметтер негізінде COVID-19, лонгковидтік және постковидтік синдромдардан кейін пациенттерді бақылау бойынша әдістемелік нұсқаулықтар әзірленуде.