«Біз БАҚ-тың әрбір осындай сатып алуға назар аударып, мониторинг жүргізетініне қуаныштымыз. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерінің көбі БАҚ-та жарияланғаннан кейін сатып алудан өз бетінше бас тартады». Қаржы министрлігі Мемлекеттік сатып алу заңнамасы департаментінің директоры Сәбит Ахметов осылайша журналистерге алғысын білдірді.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте тілшілер спикерден әкімдіктердің қазіргі қажеттіліктері туралы сұрады. Павлодардағыдай эбен ағашынан жасалған жиһазды немесе басқа да сәнді аксессуарларды ұнататындар бар ма?

«Қазіргі кезде салтанатты жиһаз сатып алу жағдайлары жоқ. Нормативтік-құқықтық актілер шығып, мораторийге дейін сатып алынған жиһаздар бар», - деп жауап берді ведомство өкілі.