Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов халық алдындағы есептік кездесуі барысында СИМ атынан келіссөз жүргізушілер Министрліктің бір жыл жұмысы ішінде ЕАЭО шеңберінде саудадағы 16 кедергіні жоюға қол жеткізгенін хабарлады. Бұл туралы ведомства басшысы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен халық алдында есеп беру кездесуінде айтты.

Министр, сондай-ақ, Қазақстанның «Кедергі сипаттары туралы өтінішті ЕЭК-да қарау мерзімін 3 айға дейін қысқартуға» қол жеткізгенін айтты. «Бұрын бұл процесс жыл бойы созбалаңға салынатын».

Одан басқа, Нұр-Сұлтан қаласы сериялық өнімнің шығу тегі туралы сертификат жүйесін енгізуге қол жеткізді: экспорттаушылардың жарты жылда бір рет сертификатты растауы жеткілікті.

«Енді қазақстандық экспорттаушыларға, мысалы, сүт өніміне әр экспорттық айран партисясына сертификат алудығ керегі жоқ. Тауардың Қазақстанда жасалғаны туралы сертификатпен жартыжылда бір рет растағаны жеткілікті», - деп түсіндірді министр.

Министрдің айтуынша, Қазақстанның мүдделері қазір елдер талқылап жатқан 2025 жылға дейін еуразиялық экономикалық интеграцияны дамыту стратегиясының жобасында қамтылған.