Алайда, қалада барлық жастағы және контингенттегі тұрғындар арасында COVID-19 тіркелуде. 2020 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда аурудың 1,5 есе немесе 30 % өсуі байқалады. 2021 жылғы қаңтардың басынан бастап 3763 жағдай тіркелген. Бір тәулікте инфекцияның 61 жағдайы тіркелді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова хабарлады. Оның айтуынша, симптомдармен 44 жағдай, 17 жағдай симптомсыз. Бұдан басқа, 65 ошақ анықталды. Оның ішінде 49-ы үй, 16-ы ұйымдастырылған. Бұл ретте сырқаттанушылық деңгейі бір аптада 80% төмендеді. Ауырғандардың 25% жуығын 30-39 жастағы адамдар құрайды. 50 жастағы және одан асқандар саны азырақ, ал 16,7% балалар.

«1 ақпандағы жағдай бойынша оқушылар арасында 752 жағдай тіркелді, оның ішінде қашықтан оқытуда - 596, 156 кезекші сынып оқушылары арасында болды. Оқу жылының басынан бастап Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 75 мектеп карантинге жабылды, 21 мектепте карантин жалғасуда. Студенттер арасында КВИ-дің 145 жағдайы тіркелген. Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына баратын 80 балада КВИ жағдайлары анықталды. Қазіргі уақытта 952 жұмыс істеп тұрған үй ошағы бар, онда 2446 байланыста болған адам медициналық бақылауда», - деді санитарлық дәрігер.

Сондай-ақ, оның айтуынша, қалада коронавирустық инфекцияның зертханалық диагностикасы кеңейтілді, осы мақсатта тәуліктік қуаттылығы 12 750 зерттеу жасайтын КВИ диагностикасы бойынша 23 зертхана іске қосылды. Орташа алғанда тәулігіне 4000-нан 5000 мыңға дейін зерттеу жүргізіледі.