«Әліппе» әзірлеу кезеңінде орыс тілді жұмыс тобында жұмыстар қатар жүргізілді. Мазмұны жағынан оқулықтар арасында айырмашылық жоқ. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен сараптамалық брифингте Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова мәлімдеді.

«Бізде қазақ тілінде оқытатын, орыс тілінде оқытатын мектептер бар. Сондықтан «Әліппе» мен «Букварь» бірыңғай оқулықтар. Жұмыс топтары жүргізген жұмыс осы екі оқулықты, ең алдымен, мазмұндық жағынан үйлестіруге бағытталған. Оқулықтардың мазмұны бойынша Қазақстан біздің ортақ Отанымыз екені айтылып, қазіргі заманғы өмір шындығын қамтуға тиіс. Сондықтан «Әліппе» мен «Букварь» бір бағытта жүреді. Сондай-ақ, «Әліппе» мен «Букварь» әріптері мен дыбыстарының реті, ең алдымен, буындар, сөз тіркестерінде және т.б. дыбыстар мен әріптерді қолдану жиілігі ескерілетін болады. Бұл қағида екі оқулықты да әзірлеуге тиіс. Белгіленген кезеңдер екі оқулықта да бірдей: бұл «әліппе кезеңіне дейін», «әліппе кезеңі» және «әліппе кезеңінен кейін», - деп түсіндірді вице-министр.

Осылайша, екінші жартыжылдықта «Әліппеден» кейін балалар «сауаттылыққа оқыту» оқулығы бойынша оқуын жалғастырады. Практик-ғалымдар жұмыс топтарының отырыстары мен көптеген талқылаулар барысында осындай ортақ пікірге келді.