Президенттің тапсырмасымен 100 жылжымалы медициналық емхана сатып алынады. Онда терапевт, педиатр дәрігерлер пациенттерді қабылдайды, және толық тексеруден өткізеді. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният журналистің қойған сұрағына берген жауабында осылай деді. Сондай-ақ жылжымалы медициналық көліктермен шалғай жатқан ауылдарға дәрі-дәрмектер жеткізіледі. COVID-19 анықтау бойынша барлық тексерулер жүргізіліп, талдаулар алынады.

«Қазіргі кезде шалғай жатқан ауылдарға толыққанды медициналық көмек көрсету үшін 49 жылжымалы медициналық көлік бар, бұл жергілікті жерлерге жіберу үшін жетпейді. Сондықтан мемлекет басшысының тапсырмасымен қосымша жылжымалы медициналық көліктер сатып алынады», - деді вице-министр.