Облыс орталығынан шалғай орналасуына байланысты ҚХР шекарасында орналасқан 5 аудан баяу қарқынмен дамып келеді. ШҚО-ның орталық және шет аумақтары арасындағы жағдайды теңестіру үшін халықтың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша бес кешенді жоспар қабылданды. Атап айтқанда, Күршім, Тарбағатай, Катонқарағай, Зайсан және Үржар аудандарын. Осы мақсатқа 218 млрд теңге қарастырылған.

44 млрд. теңгеге 17 екі пәтерлі үй салынды, алдағы уақытта тағы 85 үй тапсырылады, 155 Әлеуметтік сала нысаны, 258 км жол жөнделді. Айта кетейік, бұл аумақтар туризмді дамыту үшін үлкен әлеуетке ие. Онда 4 қорық аймағының 3-і орналасқан: Тарбағатай және Катонқарағай ұлттық парктері, Марқакөл қорығы. Үржар ауданында бірегей Алакөл көлі бар.

Сондықтан да шекара маңы аумағы экономикасы өсісінің перспективалы нүктесі ішкі туризм болып табылады, - деді өңір басшысы Даниал Ахметов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сөйлеген сөзінде. Коронавирус пандемиясы мен шекаралардың жабылуы бұл саланы дамытуға қосымша ынталандыру болды. Жағалауының инфрақұрылымына 11 млрд теңге салынған Алакөл көлі басым бағыт болып белгіленді. Алдағы 4 жылға тағы 24 млрд. теңге қарастырылған.

Биліктің мәліметінше, жағалауда қажетті инженерлік инфрақұрылымы бар 60 га жаңа инвестициялық алаң анықталды. 1 млрд теңгеге сумен жабдықтау, 2,4 млрд. теңгеге электрмен жабдықтау желілері тартылуда. Үржар ауылының әуежайына қайта жөндеу жұмыстары жүргізілуде.