Облыс әкімі Даниал Ахметов COVID-19 ауруы бойынша статистиканы жария етті.

Оның мәліметінше, 1 маусымнан бастап Шығыс Қазақстан облысында коронавируспен ауыратындар саны 17 есеге артып, 2313 адамға жетті. Бүгінгі күні 1242 пациент – бұл клиникалық белгілері бар адамдар, ал 1071– симптомсыз адамдар. Қазір пациенттердің сауығуы бойынша динамика байқалуда. Стационардан 505 адам шығарылды, 617 амбулаторлық емделуде болды.

Қазіргі уақытта стационарларда 1191 адам ем алуда, 537 пациент жұқпалы аурулар стационарларында, ал 654 пациент провизорлық немесе амбулаторлық емдеуде. Барлық пациенттердің жағдайы тұрақты деп бағаланады.

«Қатаң шектеу шараларының арқасында Семейде аурушаңдық 1,5 есеге төмендеді, Өскеменде шілденің ортасына қарай осындай нәтиже күтілуде»,- деп өз жоспарларымен бөлісті Ахметов.