Штат санын 30% - ға оңтайландыру нәтижесінде әділет органдарының орта буын қызметкерлерінің жалақысы 63% - ға өсті.

Әділет органдары қызметкерлерінің штаттық санын 30% - ға (689 штаттық бірлік) оңтайландыру бойынша жұмыс жүргізілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен халық алдында есеп беру кездесуінде ведомство басшысы Марат Бекетаев мәлім етті.

Сонымен қатар, министр атап өткендей, аумақтық әділет органдарының 265 бөлімі оңтайландырылды, ал 217 Әділет басқармасы 59 ауданаралық бөлімге біріктірілді. Бұл ретте 30 000 м2 астам алаң және 109 бірлік көлік құралдары босатылған. Жалпы, бюджет қаражатын үнемдеу шамамен 2 млрд. теңгені құрады.

Аталған шаралар биылғы жылдың 1 ақпанынан бастап министрліктің барлық аумақтық бөлімшелерінде факторлық-балдық шкала бойынша еңбекақы төлеудің пилоттық жобасын енгізуге мүмкіндік берді, соның нәтижесінде орта буын қызметкерлерінің жалақысы 63% - ға өсті.