Шымкент басшысы Мұрат Әйтеновтың айтуынша, ауруханаларды материалдық құрал-жабдықтармен қамту ісі де қолға алынды. Бұл туралы ол өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихатында мәлімдеді.

«Қалада медициналық мекемелерде 323 ӨЖЖ аппараты бар, оның 130-ы портативті аппарат. Сонымен қатар, 250 «Бобров» тыныс алу аппараты және 10 монитор сатып алынды,- деді қала әкімі Мұрат Әйтенов.

Қазіргі таңда 6 ауруханада арнайы оттегі станциялары орнатылуда. Қалалық әкімдік резервінен коронавирусқа қарсы шараларға 1,8 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде 854 млн теңге материалдық-техникалық базаны күшейтуге бағытталған. «21 ӨЖЖ аппараты алынып, жақын арада қойылатын болады. Одан бөлек, қалалық бюджетті оңтайландыру жұмыстары жүргізілуде, қосымша ӨЖЖ, басқа да құрал-жабдықтар, дәрі-дәрмектер сатып алуға 5 млрд теңге қаржы бағыттау жоспарланған», деді Шымкент әкімі.