Шымкент қаласының емханаларында республикада алғашқылардың бірі болып ЖРВИ мен пневмонияға шалдыққандарға арналған 633 төсек орын дайындалды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында қала әкімі Мұрат Әйтенов мәлімдеді.

Атап айтқанда, 319 төсек-орын мемлекеттік бірінші медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарында, 314-і жеке ұйымдарда ашылды. Күніне орта есеппен 2000 науқас жатқызылады. Бүгінгі күні 2753 науқас емделіп шыққан.