Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов халық алдындағы есептік кездесуі барысында хабарлағандай, құжатта саланың жұмыс істеуін заңнамалық жетілдіру шаралары, сондай-ақ, бизнесті қолдау мен сауда инфрақұрылымын дамыту құралдарының кең тізбесі көзделген.

«Онда белгіленген міндеттер мен сауданы дамыту векторлары бизнеспен және мүдделі тараптармен бірнеше рет талқыланған», - деп мәлімдеді Сұлтанов.