Бұл көмекке ие болған 39 отбасы бар. Қосымша ауданның 936 отбасы 122 тонна азық-түлікпен қайырымдылық көмекпен қамтамасыз етілді. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаев ОКҚ өткен баспасөз шарасында хабарлады.

Сонымен қатар, ҚР Міндетті әлеуметтік сақтандыру және Әлеуметтік жәрдемақылар туралы заңдарына сәйкес, асыраушысынан айырылу жағдайларына байланысты қайтыс болған азаматтардың (10 отбасы) отбасыларына ай сайын орта есеппен 55 000 тг.-ден әлеуметтік төлемдер тағайындалып, төленуде (кәмелет жасқа толғанша, немесе ЖОО оқыса 23 жасқа дейін төленеді), деді Е.Жылқыбаев.

Төтенше жағдай кезінде табысынан айырылған аудан тұрғындарына 42 500 тг-ден, кепілдендірілген әлеуметтік топтамамен 54 646 аудан тұрғындарына және атаулы әлеуметтік көмек аясында 813 отбасыға барлығы 1,9 млрд теңгеге көмек көрсетілді.