Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың айтуынша, аймақтағы эпидемиологиялық жағдай күрделі және тұрақты бақыланады. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихаты барысында аймақ басшысы 8 шілдедегі жағдай бойынша статистикалық мәліметтерге тоқталды. Қазіргі кезде өңірде коронавирус жұқтырған 1446 адам тіркелді, оның ішінде 67 пайызы аурудың симптомсыз түрімен ауыруда.

Сонымен қатар, Қ.Ақсақалов азаматтардан келіп түскен сұрақтарға жауап берді. Оның мәліметінше, бүгінде инфекциялық стационарларда 136 адам емделіп жатыр, 545 адам індеттен сауығып шықты. Провизорлық стационарлардағы қор 100-ден 905-ке дейін ұлғайтылды (барлығы 1340 төсек-орын бар, оның ішінде 435-і инфекциялық).

Бұдан басқа, жаңа жабдықтар сатып алынуда. Өткен аптада жедел жәрдем көліктері 25 ӨЖЖ құрылғысымен жабдықталды. Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрлігімен бұған дейін өтінім берілген 38 ӨЖЖ аппаратын қысқа мерзімде жеткізу мәселесі пысықталуда.

Өткен тәулік ішінде коронавирус жұқтырған тағы 28 адам тіркелді, науқастар санының өсім 1,9 пайызды құрады.

«Біз 150 миллион теңгеге сараптамалық 5 ӨЖЖ сатып алдық. Сонымен қатар, өткен аптада 400 миллион теңге көлемінде қосымша қаржы бөлінді. Шілденің соңына дейін тағы 20 ӨЖЖ құралы жеткізіледі», - деді облыс әкімі.

Солтүстік Қазақстан облысында 31 жедел жәрдем бригадасы, сондай-ақ созылмалы аурулар бойынша 20 шұғыл көмек бригадасы жұмыс істейді. Қаладағы бір командаға жүктеме 30 қоңырауға дейін өсті, норма бойынша 16 қоңырау болуы шарт. Жалпы жедел жәрдем шақырту саны 15 пайызға (тәулігіне 450-ден 660-қа дейін), ал ЖРВИ бойынша шақыртулар 30 пайызға артқан.

Аймақ басшысының айтуынша, дәріханаларда дене қызуын түсіретін, қабынуға, вирусқа және бактерияға қарсы препараттардың баламасының қоры жеткілікті. Стационарларда дәрі-дәрмектерге қатысты мәселелер жоқ, дәрілік заттарды мерзімінен бұрын жеткізу бойынша «СК-Фармация» ЖШС тиісті жұмыстар жүргзіліп жатыр.