Инфекциялық және карантиндік стационарларда 20 мыңға жуық төсек-орын әзірленген, оның 1245-і реанимациялық. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният хабарлады.

«Республика бойынша инфекциялық стационарлардағы төсек-орындардың қамтылуы 20%-ды құрайды. Өңірлер бойынша қамтудың ең көп пайызы СҚО-да - 37%, БҚО және Нұр-Сұлтанда 30%-ды құрайды. Реанимациялық төсек-орындарды пайдалану 17% (213 төсек-орын) құрайды, пайдаланудың ең көп пайызы СҚО-да – 38%, ШҚО-да - 29%, Нұр-Сұлтан қаласында - 28%. Карантиндік стационарларда төсек-орындардың 5,2% (372 төсек) пайдаланылуда, ең көп пайызы БҚО-да 20%, СҚО-да - 18%, ШҚО-да - 15,5% құрайды», - деді Ғиният күнделікті мониторингтің нәтижелеріне тоқталып.