Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният мәлімдеді. Аталған өңірлерде бүгінде ауру жұқтырғандар саны артып отыр.

«Бұл өңірлерде коронавирустың таралуына тест-зерттеулердің көптеп жүргізілуі, халық миграциясы және шекаралық қарым-қатынастар себеп болып отыр. Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарындағы аурушаңдық министрліктің қатаң бақылауына алынды», - деді Ажар Ғиниятқызы.

Оның айтуынша, осы облыстардағы эпидемиологиялық жағдайды одан әрі ушықтырмау мақсатында әрбір ауру шыққан жерде шектеу шаралары күшейтіліп жатыр.