ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Президент Қ-Ж.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын іске асырудың алғашқы қорытындыларын талқылауға арналған ғылыми-практикалық конференция шеңберінде пленарлық отырыс өтті.

Конференцияға қатысушыларға ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дархан Қалетаев құттықтау сөз сөйлеп, қоғамдық пікірталастың, сондай-ақ Қазақстан халқына Жолдауын іске асыруға бағытталған заңнамалық сипаттағы қолданылып жатқан шаралардың маңыздылығын атап өтті.

«Қазақстан халқына Жолдауында ҚР Президенті Қ-Ж.Тоқаев Қазақстанның эволюциялық, үздіксіз және құзыретті өзгерістер арқылы нағыз «әлеуметтік мемлекет» болуға ұмтылысын айқындады», - деп атап өтті Д. Қалетаев.

Сондай-ақ, ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы «Президенттің ұсынған «еститін мемлекеттің» тұжырымдамасы азаматтардың барлық сындарлы сауалдарына жедел және тиімді жауап беретін билік пен қоғамның тұрақты диалогын құру негізінде жатыр», деп атап өтті.

Конференцияның пленарлық отырысында, ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов, ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов сөз сөйледі.

Өз сөзінде ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов елдің инвестициялық тартымдылығына әсер еткен экономикадағы негізгі көрсеткіштер мен тұрақты оң динамика туралы баяндады.

Тұжырымдамалық мәселелерді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қозғап, Жолдауда мұғалімнің құзыреттілігі мен кәсіби қызметінің деңгейімен тығыз байланысты білім сапасын арттыруға ерекше көңіл бөлінетінін айтты.

«Білім деңгейі жоғары кәсіби кадрлар елдің зияткерлік әлеуетінің негізі болып табылады», - деп атап өтті министр.

Сонымен қатар, А. Аймағамбетов «педагог мәртебесі туралы» заң жобасы бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Конференцияның модераторы - Еуразиялық интеграция институтының директоры Ерлан Саиров өз сөзінде қоғамда жағымды жаңғыртылған көңіл-күйдің деңгейі өсіп келе жатқанын, ел Президентіне сенім мен түсіністік бар екенін атап өтті. Пікір плюрализмінің жаңа идеялары және көзқарастар алуан түрлілігі қоғамдық дамудың басты бағыты болып табылады.

ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Зарема Шаукенова Жолдау қоғамдық санада идеялық-құндылық бейнесін қалыптастыруға бағытталған бағдарламалық құжат болып табылатынын айтты.

Сонымен қатар, пленарлық отырыстың спикерлері ретінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Аманжан Жамалов, «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Төлеутай Рақымбеков сөз сөйледі.