Ағымдағы жылдың 26 қаңтарында Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы тұрғын үй саясатын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырды. Осыған байланысты, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп, қосымша тетіктер әзірленді. Нақтырақ айтқанда, блокчейн технологиясын пайдалану. Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифингте «Бәйтерек» холдингі басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Омарқожаев мәлім етті.

«Бірінші кезекте, Отбасы банк базасында Тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі орталық құрылады, ол тұрғын үйге мұқтаждардың барлығын орталықтандырылған түрде жүргізуді, қоюды және есепке алуды жүзеге асыратын болады. Бұл Орталық жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер базасымен интеграцияланатын болады. Біз блокчейн және смарт бридж технологияларын қолдана отырып, барлық бизнес-процестерді автоматтандыруды жоспарлап отырмыз», - деді Әнуар Омарқожаев.

Оның айтуынша, бұл адам факторын болдырмауға мүмкіндік береді және азаматтарды есепке алу мен тұрғын үйді бөлу үдерісін ашықтығын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, құжаттарға қол қою және тіркеу уақыты - 3 күннен 1 күнге дейін қысқарады.