Қазақстандықтар дәріханалардан «Ксарельто», «Клексан» және басқа да антикоагулянттарды көп көлемде сатып алып жатыр. Бүгінде ресейлік дәрігерлер антикоагулянттарды КВИ жұқтырғандарға жиі тағайындауда. Бұл препараттар коронавирусты диагностикалау мен емдеудің қазақстандық хатамасын да бар. Бірақ олар тек аурудың орташа ауыр және ауыр түрі болғанда ғана беріледі. Аталған дәрілерді өз бетінше қабылдау өмірге қауіпті.

«Бұл препараттарды диагностикалық зерттеуден кейін ғана қабылдау керек. Атап айтқанда, коагулограммадан кейін. Бұл адам қанының ұюын бағалау және препараттардың жанама әсерлерінің асқынуын болдырмау үшін қажет. Дәрілерді өз бетіңізше пайдаланбай, дәрігермен кеңесу керек», - деп түсіндірді вице-министр Людмила Бюрабекова.

Төмен молекулалық гепариндер тобына жататын екі инъекциялық препарат Бірыңғай дистрибьютордың тізімінде бар. Дәрілік заттар жеткізіледі және бөлшек сауда үшін де, ТМККК шеңберінде де сатып алынатын болады.