Қазақстанда 1 ақпанда коронавирустан жаппай иммундау басталды. Ресейлік Н.Ф.Гамалеи атындағы эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығы әзірлеген Гам-КОВИД-Вак («Спутник V») вакцинасы қолданылуда. Кеше ғана әлемдегі жетекші медициналық ғылыми журналдардың бірі – Lancet (Ұлыбритания) SARS-CoV-2 коронавирусын жұқтыруға қарсы вакцинаның тиімділігі 91,6%-ды құрағанын хабарлады. Сонымен қатар, «Спутниктен» кейінгі иммунитет, кем дегенде, екі жыл сақталуы мүмкін екендігі дәлелденді. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов осындай мәліметтерді келтірді.

Ол вакцинаның коронавирустың жаңа штамдарына қарсы тиімді екенін атап өтті: «британиялық» және «оңтүстікафрикалық». Сондай-ақ, вакцинаны әзірлеушілер «Спутник» COVID-19 орташа және ауыр ағымынан 100% қорғайтынын жеткізді.

«Жоғарыда атап өткеніміздей, вакцинация, вакцинаның түсуіне қарай және халықтың әртүрлі топтарының эпидемиологиялық маңыздылығын ескере отырып, кезең-кезеңмен жүзеге асырылады. Денсаулық сақтау министрлігі КВИ-ға қарсы вакцинациялауды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды және суық тізбектің барлық қатысушылары үшін COVID-тің алдын алу жөніндегі вакциналарды сақтау және тасымалдау регламентін әзірледі. ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің 77-бабының 18-тармақшасына сәйкес КВИ-ға қарсы вакцинация тек вакцинацияға ақпараттандырылған келісіммен және мемлекеттік бюджет есебінен тегін жүргізіледі», - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі.

Бірінші кезекте, вакцинация инфекциялық стационарлардың, жедел медициналық көмектің, сондай-ақ басқа да бейіндегі медицина қызметкерлерін қамтиды. Бұдан әрі, екпе салынатын топқа вакцина көлемінің жеткіліктілігіне қарай вакцинацияланатын контингентті одан әрі кеңейте отырып, педагогтар, күш құрылымдары қызметкерлері қосылады.