Қаржы көлемі 8 млрд. теңгеге жетті. Бұл жөнделген желілердің ұзындығын 1,5 есеге, суға қосылу мүмкіндігі бар үйлердің санын 5 есеге арттыруға мүмкіндік береді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әкім Құмар Ақсақалов мәлім етті.

«Бір жылдың ішінде 76 ауылда сумен жабдықтау жақсарды. Бұл соңғы үш жылдағы көрсеткішпен бірдей. Жақсартылған жолдардың ұзындығы жыл сайын артып келеді. 3 жылдың ішінде облыста жол желісінің шамамен 30%-ы жақсарды. Магистральды жолдарды жөндеу, өкінішке орай, ауыл ішіндегі жолдарды жөндеу көп болған жоқ. Сондықтан, осы мақсаттарға 8 есе көп - 772 млн. теңгеден 5,8 млрд теңгеге дейін қаражат бөліп, 74 ауылдың жолдарын жөндей алдық», - деп атап өтті өңір басшысы.