Карантин мен экономика арасындағы тепе-теңдік. Осының арқасында СҚО-да оң динамиканы қамтамасыз ету ғана емес, үдемелі даму траекториясына шығу мүмкін болды. ОКҚ брифингінде өңір басшысы Құмар Ақсақалов 10 айдың қорытындысы туралы есеп берді.

Ол көрсеткіштердің өсу қарқыны бойынша облыс жетекші өңірлер тобына ғана емес, сондай-ақ орташа республикалық маңыздан асып түсетінін атап өтті.

«Осы жылдың қорытындысы бойынша жан басына шаққандағы ЖӨӨ 2,7 млн.теңгеге дейін арттыруды жоспарлап отырмыз. Осылайша, соңғы төрт жылда 35%-дық өсімді қамтамасыз етеміз. Өңірлік экономиканың тұрақтылығы халықтың табысын жоспарлы түрде арттыруға ықпал етеді. Үшінші тоқсанның қорытындысы бойынша біздің облыс еліміздің барлық өңірлері арасында жалақының нақты өсу қарқыны бойынша 5-ші орынға шықты. Әлеуметтік-экономикалық дамумен қатар, қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізіледі», - деді әкім.

Сонымен қатар, төрт жыл ішінде облыстың нақтыланған бюджеті 2 есеге - 333 млрд.теңгеге дейін артқанын айтты.