Бұл отандастарды жұмыс күші артық өңірлерден тапшы өңірлерге көшіру бағдарламасының нәтижесі. 2016 жылдан бастап СҚО-ға қоныс аударғандардың 6,5 мыңы, тек 8% - ы кері қайтты. Орталық коммуникациялар қызметінде журналистің сұрағына жауап бере отырып, өңір басшысы Құмар Ақсақалов осындай деректерді келтірді.

«Қоныс аудару –«Еңбек» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Жұмыс күші артық өңірлерден келген әрбір азаматтың қоныс аударуға мүмкіндігі бар. Жол жүруге, оның шығындарының өтемақысы отбасының әрбір мүшесіне 35 АЕК төленеді, бұл – 97 000 теңге. Егер отбасында 5 адам болса, 500 мың теңге алады. Тұрғын үйді жалға алу немесе сатып алу үшін мемлекет өтемақы төлейді. Ауылда 10-20 АЕК, қалада 20-30 АЕК. Оның өзін таңдауға құқығы бар. 2019 жылдан бастап біздің облыстық бағдарлама іске қосылды. Елбасының тікелей тапсырмасы бойынша қоныс аударушыларға арналған үйлер салына бастады. Өткен жылы 428 үйді, биыл 700 үйді салдық»,- деді Ақсақалов.

Мамандарға деген сұраныс жоғары, бізге тракторшылар, малшылар, ветеринарлар, бюджет саласының қызметкерлері, мұғалімдер, дәрігерлер қажет. Сондықтан кейбір ауылшаруашылық тауар өндірушілер үйлерді өздері салады, оңтүстіктен адамдарды шақырады, мемлекет тұрғын үй шығындарын өтеуге көмектеседі.

«Мен сюжетті көрдім, Сіз айттыңыз: әріптесіңіз салынып жатқан барлық үйлерді аралап шықты. Біз олардың техникалық сараптамасын, тепловизорларын белгілейміз және қандай қиындықтар барын тексереміз. Егер қандай да бір сұрақтар туындаса, онда құрылыс салушы кепілдендірілген мерзім аясында, ал бұл 2-3 жыл, осының бәрін жояды. Қоныс аударушылардың ескертулері жойылды. Өткен жылы бізге 2, 2 мың адам, биыл мың адам көшіп келді. Иә, кері қайтқандар бар. Денсаулыққа, отбасылық жағдайларға байланысты фактілер бар, бірақ олар аз»,- деп жауап берді аймақ басшысы қоныс аударушылардың өмір сүру жағдайларына қатысты.

Ол сондай-ақ бағдарлама өзінің тиімділігін дәлелдегенін және оны алдағы бірнеше жылда жалғастыру жоспарлары бар екенін айтты.