Суармалы жерлерді айналымға енгізу ауылда 77 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Халық алдындағы есептік кездесу аясында экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев қалпына келтірілген суармалы жерлерді айналымға енгізу ауылда 77 мың тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретінін айтты.

Министрдің айтуынша, ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі осы жерлерде 165 миллиард теңгені құрайды.