Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР ЭМ Газ және мұнай-газ-химия департаментінің директоры Зияш Қияқбаев мәлім етті.

Оның атап өтуінше, ел ішінде сұйытылған мұнай газдың көтерме бағасын қалыптастыру электрондық сауда алаңы аясында жүргізіледі. Бәсекелестік орта, цифрландыру және әкімшілік кедергілерді азайту. Сұйытылған газды электронды алаңдар арқылы жеткізу өткен жылдың ақпан айынан бері жүзеге асырылуда. Бірақ пандемия кезінде жеткізілім көлемін ішкі нарыққа жеткізу жоспарынан 25% дейін арттыру мүмкін болды.

«Сұйытылған мұнай газының барлық көлемін электрондық сауда алаңында сатуға толық көшіруді іске асыру 2024 жылдың қаңтар айына дейін қарастырылады, бұл бағаны соңғы тұтынушы үшін біртіндеп және ауыртпалықсыз қайта реттеуге мүмкіндік береді», - деді Зияш Қияқбаев.

Қазіргі уақытта газ бағасы тоннасына 53-55 мың теңге шамасында қалыптасты. СМГ-ның қалған үлесі реттелетін көтерме баға бойынша - ҚҚС қоса алғанда тоннасына 43,3 мың теңгеден сатылады.

«Газ және газбен жабдықтау туралы» ҚР Заңына сәйкес бағасы мемлекеттік реттеу арқылы жүргізілетін топтық резервуарлық қондырғылар және мұнай-газ-химия кәсіпорындары арқылы жеткізілетін тұрмыстық тұтынушыларға арналған СМГ көлемін қоспағанда, жеткізу жоспары бойынша СМГ-ның барлық көлемін ЭСА-ға көшіру қажет. Яғни, сұйытылған мұнай газын тұрмыстық жағдайда пайдаланатын тұтынушылар үшін, мысалы, ас әзірлеуге және т.б. пайдалануға бағаның мемлекетпен реттелуі жалғасатын болады», - деп атап өтті Зияш Қияқбаев.