Егер мүгедектік мерзімі шектеу шаралары кезеңіне түссе, онда олар шамамен 29 мың теңге мөлшерінде тиісті мемлекеттік жәрдемақы төлей отырып, автоматты түрде 3 айға ұзартылады. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов хабарлады.

Сондай-ақ, министрдің айтуынша, биылғы жылдың шілде айында мемлекет тарапынан азық-түлік сатып алуға аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар, барлық жастағы және топтағы мүгедектер, мүгедек баланы күтетін, сондай-ақ жұмыссыз ретінде ресми тіркелген ата-аналар қатарынан 1 050 мың адам қаржылай көмек алады.