Екі айдан кейін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ерікті түрде отставкаға кеткеніне және Мемлекет басшысы қызметіне Қасым-Жомарт Тоқаев сайланғанына тура екі жыл болады. Бұрын мұндай тәжірибесі болмаған қазақстандық мемлекеттілік үшін жоғарғы билік транзиті процесі әрқашан айтарлықтай сынақ болып көрінетін. Бұл АҚШ сияқты терең саяси дәстүрлері бар елдер үшін де өзекті. ҚР АҚДМ қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Талғат Қалиев «Қазақстан сайлау қарсаңында: сарапшылар қауымдастығының көзқарасы» тақырыбында өткен дөңгелек үстел отырысында сөйлеген сөзінде «саяси күйзеліске» мысал келтіріп өтті.

Оның айтуынша, билік транзиті қазақстандық қоғамның тұтастығына, утопиялық популизмге тұрақтылығына сынақ болды. Саясаттанушы Парламент Мәжілісінің жаңа шақырылымын қалыптастыруды саяси транзиттің толық және түпкілікті аяқталуы және елдің жаңа кезеңге кіруі деп атады. Ол халық пен халықаралық қауымдастықтар тарапынан сайлауға деген жоғары қызығушылықты осылай түсіндірді.

«Сайлау кезеңінде байқалып отырған партиялар бәсекелестігі бұрынғы науқандардан сапасы жағынан ерекшеленеді, ол кезде әрбір партия тек оның көшбасшысымен ғана байланысты болды, оның тұлғасы партия мүшелері мен бағдарламаларынан да артық болатын. Бұл науқанды біз саяси аренада тәуелсіз пікірталастар жүргізуге қабілетті, өзіндік саяси ұстанымы бар және оны көпшілік алдында дәлелдеуден қорықпайтын әлеуметтік желілерде танымал тұлғалардың, қоғамдық пікір көшбасшыларының, беделді адамдардың, қоғамдық пікір жетекшілерінің тұтас тобын көріп отырмыз. Яғни, біз «көшбасшылар партиясынан» «тұлғалар партиясына» дейін дамыдық. Бүгінгі таңда көптеген сайлаушылар үшін белгілі бір тұлғаларға деген сенім деңгейі шешуші мәнге ие болады. Бұрын Тұңғыш Президенттің тұлғасына сенген қазақстандық саяси жүйе үшін бұл трансформацияны шағын тірек нүктелерінің көптеп пайда болуы тұрғысынан елеулі прогресс ретінде қарастыруға болады. Бұл платформаларының сапалы кристалдануынан өтетін, адал электораттың қалыптасаын, «тұлғалар партиялары» «платформалар мен тұжырымдамалар партияларына» айналатын және олармен бірге өзінің саяси дәстүрін қалыптастыратын қазақстандық қоғамның саяси дамуы жүретін партиялық алаң эволюциясының аралық кезеңі», - деді Қалиев.

Сондай-ақ ол Қазақстан халқы Ассамблеясынан тоғыз депутат сайлаудың аса маңызды екендігін атап өтті. Қазіргі Мәжіліс сайлауының басқа да принципті айырмашылықтарына тоқталды. Атап айтқанда, гендерлік және жас квоталарына.

«Бұл қазақстандық жастардың саяси белсенділігінің артуын, оларды партиялық құрылыс процесіне тартуды қамтамасыз етті және жаңа әлеуметтік кезеңге айналмақ, елдің саяси элитасын айтарлықтай жасартуға мүмкіндік береді. Бүгінде Қазақстандағы жастар шамамен 23% құрайды, ел халқының орташа жасы – 31,5. Демек, әрбір сайлау науқанында азаматтардың сайлаудағы ниеттері мен көзқарастары түбегейлі өзгереді. Сондықтан бұл процеске жастарды тарту өте маңызды. Парламент Мәжілісінің жұмысындағы өзгерістер бойынша комитеттердің бірінің басшысының кепілді лауазымын және жалпы отырыста сөз сөйлеу құқығын көздейтін нормалар қарастырылған парламенттік азшылық туралы заңның қабылдануын айтуға болады. Бұл Парламентте үстем позициялар болмаған жағдайда саяси партиялардың ықпалын арттыруға тиіс», - деп атап өтті Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры.

Талғат Қалиев сондай-ақ, қара пиарсыз партиялар бәсекелестігінің қазақстандық мәдениетін атап өтті.