Оқыдым - жауап бердім. Тарифтердің жоспарланған өзгерістерін жария талқылауға және халықпен кері байланыстың тиімді тетіктерін енгізуге бағытталған ережелер заңнамалық түрде бекітілді. Бұл тариф белгілеу процесінің ашықтығын қамтамасыз етеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ТМРА төрағасы Асан Дарбаев мәлімдеді. Оның атап өтуінше, енді әр жарты жыл сайын монополистер өз қызметі бойынша тұтынушыларға жария түрде есеп беруі тиіс.

«2019 жылдан бері «Монополист» базасы жұмыс істеп келеді, ол біздің органға электронды форматта келіп түсетін барлық ақпаратты үшінші тұлғаларға, яғни тұтынушылар назарына ұсынады. Кез келген адам қосыла алады, оқи алады, көре алады және белгілі бір тақырып бойынша нақты сұрақтар қоя алады. Сондай-ақ айына кемінде бір рет қоғамдық қабылдау өткізіп, қоғамдық бірлестіктердің тарифтерді қарауға қатысуы тиіс», - деп түсіндірді спикер.

Сондай-ақ, Ұлттық экономика министрлігі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылатын тарифтік саясат жөніндегі кеңес институты енгізілді. Кеңес жанынан 17 өңірлік комиссия және Комитеттің аумақтық департаменттері жанынан олардың жеке құрамы қалыптастырылды.

Олардың құрамына уәкілетті органның және өзге де мемлекеттік органдардың, ҰКП, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, кәсіпкерлер, сарапшылар және өзге де мүдделі тұлғалар кірді.