Татарстаннан 20-дан астам тәжірибелі маман жергілікті дәрігерлерге консультациялық көмек көрсету үшін Шығыс Қазақстанға келеді. Бұл туралы ӨКҚ өткен брифингте ШҚО әкімі Даниал Ахметов мәлім етті.

«Мен Татарстан Президенті Рустам Миннихановпен келіссөздер жүргіздім. Жақында біздің өңірге 20-дан астам тәжірибелі дәрігер келеді. Олар біздің мамандарымызға бірқатар мәселелер бойынша кеңес береді. Бізде кәсіби кадрлар бар. Сонымен қатар, осы күннің және алдағы кезеңнің жағдайын шешуге мүмкіндік беретін қажетті адами базаны құрудамыз»,– деп атап өтті аймақ басшысы.