ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Сайранбек Бармақовтың пікірінше, бұл теміржол тасымалдары нарығында салауатты бәсекелестікті дамытуға септігін тигізеді. Сонымен қатар, вокзалдар мен пойыздарда жолаушыларға қызмет көрсетудің жаңа стандарттары қабылданады. Бұл жолаушыларды теміржол көлігімен тасымалдау сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Спикердің айтуынша, теміржол саласында жылжымалы құрам паркін жаңартуға 657 млрд теңге қарастырылған.

«2025 жылға дейін магистральдік теміржол желісінің тозуын 49 пайызға дейін және локомотивтерді 58 пайызға дейін төмендету жоспарланып отыр. Биыл 50 вагон сатып алынды. Сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастарды субсидиялау бойынша жұмыстар жалғасын табады. Осы мақсатта 20 млрд теңге бөлінді», - деді Сайранбек Бармақов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте.