Коронавирус дағдарысы қазіргі кезде бизнесті дамытудың, мемлекет пен кәсіпкерлер арасындағы диалогтың қаншалықты маңызды екенін тағы да көрсетті.

Карантиндік шектеу кезеңінде шамамен 54 мың кәсіпкерге салық жеңілдіктері жасалып, 8,5 мыңнан астамы міндетті медициналық сақтандыру жарналарын төлеуден босатылды. Ондаған мыңы жарна, жалға алу, несие төлеу бойынша кейінге қалдырылды. Жергілікті билік қолдау көрсетуде. Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте осылай деді.

«Пандемия салдарынан қызмет көрсету саласы – мейрамханалар, қонақ үй бизнесі және т.б. зардап шекті. Бізде мейрамхана бизнесінің 128 нысаны бар. Олардың көпшілігі өз қызметін тоқтатты. 10 мейрамхана өз профилін өндіріс саласына өзгертті. ШОБ дамыту мақсатында облыстың 2023 жылға дейінгі экономикалық даму картасы әзірленді, оның шеңберінде бизнеске 4, 6 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретін жалпы құны 271 млрд теңге болатын 265 жобаны іске асыру ұсынылды. Қазірдің өзінде 110 жоба жүзеге асырылуда», - деді Әбдіқалықова.

Бизнеске көпбалалы аналар да белсенді тартылуда. Олардың өңірде 25 мыңнан астамы бар. 602 жаңа бизнес-ханым грант алды.

«Бүгінде маңызды жобаны ерлер жейделерін тігумен айналысатын «Далатекс» ЖШС жүзеге асыруда. «Еңбек» бағдарламасы аясында қысқа мерзімді тігін шеберлігі курстарында 123 әйел оқиды. Біз оларға тігін машиналары мен басқа да жабдықтарды сатып алуға 555 мың теңгеден гранттар беруді жоспарлап отырмыз. ЖК ашып, «Далатекс» компаниясымен келісімшартқа қол қоя отырып, олар үйде жұмыс істей алады», - деп атап өтті әкім және халықтың тұрақты табысы мен өмір сүру сапасы – бұл облыстың даму жоспарларын қалыптастыру кезінде басшылыққа алынатын маңызды басымдық екенін атап өтті.

Тек Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде биылғы жылы 277 инфрақұрылымдық жобаны іске асыру көзделген, бұл шамамен 9,5 мың адамды жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.