Өткен жылы өңірлерге қаржылық көмек 2,2 есеге артты

Өткен жылы өңірлерге 1 916 млрд теңге сомасында қаржылық көмек көрсетілді.

Қаржы министрі Ерұлан ЖАМАУБАЕВ бұл 2018 жылға қарағанда 2,2 есе көп деп атап өтті. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен халықпен есепті кездесу барысында.

«Қаражат азаматтық қызметкерлердің жалақысын арттыруға, атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге және жергілікті бюджеттерді қамтамасыз ету деңгейін теңестіруге бағытталды. Бұл 1 трлн 900 млрд теңгені құрайды», - деді министр.

Осы қаражат есебінен «Нұрлы жол», «Еңбек», «Ауыл ел бесігі», «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламалары және өңірлердің агроөнеркәсіптік кешенін дамыту қаржыландырылды.