МИБ немесе жай серіктестік құру үшін меншік иелерінің кемінде 10% құралған бастамашыл топтың жиналысын өткізу туралы бастама көтеріп, жиналыс шақыру туралы хабарлама ресімдеу қажет. Тұрғындарға Тұрғын үй инспекциясы көмектесе алады. Басқару нысанын таңдау бойынша жиналыс барлық меншік иелерінің кемінде 50%-ы қатысқан кезде ғана заңды болып табылады және шешім көпшіліктің келісімімен қабылданады. Пәтер иелері МИБ немесе ЖС құру, бір жылға төрағаны немесе сенімді тұлғаны, Үй кеңесін, 3 жылға аудитор сайлау үшін дауыс береді.

Бірақ күрделі эпиджағдай жиналыстарды өткізуге кедергі болды. Осыған байланысты COVID-19 таратпау мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның ұсынымы бойынша жиналыстарды өткізу мерзімін кейінге қалдыру туралы шешім қабылданды. Бірақ МИБ мен ЖС толық көшу жоспары өзгеріссіз қалады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «ТКШ жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұрбек Серіков баяндады.

«2022 жылғы 1 шілдеге дейін басқарудың барлық ескі нысандары, ПИК, ПИТК, ТК барлық техникалық, қаржылық және басқа құжаттарды жаңадан құрылған МИБ пен ЖК беріп, жойылуы тиіс. Санитарлық шектеулерді ескере отырып, меншік иелері ақпараттандыру объектілері арқылы дауыс бере алады. Бүгінгі таңда Қазақстанда КПТҮ басқару бойынша 10-нан астам ақпараттандыру объектісі жұмыс істейді, олардың кейбіреулері онлайн-режимде дауыс беруді өткізуге мүмкіндік береді. Қазіргі кезде Министрлік Әділет және Цифрлық даму министрліктерімен бірлесіп, жиналыстар хаттамасын электронды түрде тіркей отырып, МИБ тіркеуге онлайн өтінім беру үшін EGOV порталының функцияларын пысықтау бойынша жұмыстар жүргізуде», - деді спикер меншікті басқару нысанын құрудың барлық сұрақтары бойынша телеграм-ботқа және «Suraqtar.kz» платформасына жүгінуге болатынын атап өтіп.