Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов мәлімдеді. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте спикер өз баяндамасында Мемлекет басшысының тапсырмаларымен жұмыс жалғасып жатқанын атап өтті.

Атап айтқанда, бұл мемлекеттік қызметкерлер, депутаттар мен судьялар үшін шетелдік банктерде шоттар ашуға және құндылықтарды сақтауға, сыбайлас жемқорлық үшін сотталғандарға арналған шартты-мерзімінен бұрын босатуға тыйым салуға, сондай-ақ пара алушыларды ғана емес, делдалдарды да қатаң жазалауға қатысты.

«Сонымен қатар, Мемлекет басшысы мемлекеттік аппараттың қоғам алдындағы транспаренттілігі мен есептілігін арттыруға ықпал ететін «Қоғамдық бақылау туралы» жеке заң әзірлеу қажет екендігін атап өтті, бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға оң ықпал ететіні сөзсіз», - деп атап өтті О.Бектенов.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта Агенттік мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, ел Президентінің тапсырмаларын заңнамалық іске асыру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.