ҚР ДСМ тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігін бақылау комитетінің басшысы Тимур Сұлтанғазиев Орталық коммуникациялар қызметінде журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, бірінші жартыжылдықта пневмония ауруының 98,5 мың жағдайы (2019 жылы – 64 мың жағдай) тіркелгенін атап өтті.

Спикердің айтуынша, қазіргі уақытта ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық бюросының өкілдерімен Қазақстандағы пневмония аурушаңдығы бойынша деректерді анықтау және статистикалық есепке алу тәсілдеріне қатысты консультациялар жүргізуде. Пневмониямен байланысты статдеректерді есепке алу бойынша қабылданған тәсілдер туралы шешім қосымша айтылады.