ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында төтенше жағдай мен карантин енгізілуіне байланысты құқықтық мәселелерді түсіндіруге арналған онлайн-баспасөз конференциясы өтті.

Баспасөз шарасының спикерлері: ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев, ҚР ӘМ заңнама департаментінің директоры Олжас Данабеков, ҚР ӘМ Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры Бақтыгүл Атағазиева, ҚР ӘМ Сот актілерін орындау департаментінің директоры Дархан Игембаев.

ҚР Әділет министрі М.Бекетаевтың ақпараты бойынша төтенше жағдайды енгізу: құқық қорғау органдарын қызмет атқарудың күшейтілген режиміне көшіруді ескере отырып, құқық тәртібін қамтамасыз етуді күшейтуге; мемлекеттік аппаратты ерекше жұмыс режиміне көшіруді ескере отырып, шешім қабылдау мерзімі қысқартылып, бұл өз кезегінде мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, ведомство басшысы кадрлық мәселелерге қатысты төтенше жағдайдың немесе карантиннің енгізілуіне байланысты ешқандай шектеулер жоқ деп мәлімдеді. Барлық кадрлық шешімдер белгіленген рәсімдерге сәйкес қабылдануы мүмкін.

Спикердің айтуынша, қажет болған жағдайда қала ішінде орын ауыстыру немесе қозғалу үшін қосымша шектеулер қарастырылған. Бұдан басқа, әкімшілік айыппұлдан бастап карантиндік аймақтан кетуге байланысты құқыққа қарсы әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілікке дейінгі түрлі санкциялар көзделген.

Іс-шара соңында М.Бекетаев сот орындаушыларын борышкерлермен төлемдер мен медиация құралдарын бөліп төлеу туралы уағдаластықтардың тетіктерін барынша пайдалана отырып, өз жұмысын онлайн-режимге көшіруге шақырды.