Бүгінгі күні колонияларда сотталғандарды еңбекпен қамтамасыз ету үшін барлық жағдай жасалуда. Бұл оларға жәбірленушілерге материалдық шығынды өтеуге, өз отбасыларына көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл туралы халық алдындағы есептік кездесуде ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлім етті.

Бұл ретте қылмыстық-атқару жүйесінің кәсіпорындарында құрылыс материалдарын өндіру, металл және ағаш өңдеу игерілген, ал карантин кезеңінде өндіріс маскалар мен жеке қорғаныс құралдарын жасап шығаруға қайта бағытталған. Сондай-ақ, министрдің айтуынша, сотталғандардың туысқандарымен қарым-қатынасы үшін колониялар мен тергеу изоляторларында интернет-кездесулер енгізілген.

Бұдан басқа, сотталғандарға электронды терминалдар арқылы сотқа және прокуратураға өтініш беру құқығы берілген.

Бұдан басқа, бірқатар колонияларда электронды дүкендер арқылы азық-түлік өнімдеріне, киім-кешек және кітаптарға тапсырыс беруге болады.