Тұрғылықты жерін ауыстырған жағдайда әскерге шақырылатын жастағы ер адамдар әскери есепке тұруы тиіс. Ол үшін әскери комиссариатқа барудың қажеті жоқ. Бұл туралы жаңа әскерге шақыру науқанына арналған брифингте елордалық Қорғаныс істері жөніндегі департаменті жасақтау басқармасының өкілі Ғани Артықов хабарлады.

«2018 жылдан бері бұл қызмет цифрлық форматта қолжетімді. Бұл қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» платформасындағы egov порталында жеке кабинетте де, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында да көрсетіледі. Адамдардың көбі бұл жаңашылдықтан бейхабар», - деді полковник.