«Егер бизнес пен азаматтар барлық санитарлық нормалар мен талаптарды сақтаса, ел карантиннен тез шығып, осы қиын кезеңдерден өте алады»,-деді Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің басшысы Дастан Рыспеков Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз орталығында сөйлеген сөзінде.

Өз сөзінде ол сондай-ақ қазақстандық курорттарда демалушы барлық туристерге жүгінді.

«Әлеуметтік қашықтықты сақтауды, бетперде тағуды, белгіленген карантиндік талаптарды ұстануды және демалыс орындарының шегінен шықпауды, жалпы пайдаланылатын жерлерде жиналумауды сұраймыз. Демалыста ұқыпсыз мінез-құлық жағдайларының жиілеп кетуіне байланысты, туристік бағыттардағы табиғи нысандар мен инфрақұрылымды пайдалануға барынша жауапкершілікпен қарауды сұраймын. Сізден кейін басқалар келіп, табиғатымыздың сұлулығынан ләззат алу керек екенін есте ұстаған жөн»,- деді Туризм индустриясы комитетінің басшысы.