Дәрігерлердің клиникалық хаттамадан шығуға құқығы бар.

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Ләззат Ақтаева мәлім етті.

Барлық басқа аурулар сияқты, коронавирус жеңіл, орташа және ауыр түрде өтуі мүмкін. Сондай-ақ, пациентте тек коронавирустық инфекция ғана емес, бактериялық инфекцияның қатпарлануы да мүмкін екенін ескеру маңызды, сондықтан емдеу клиникалық көріністер мен зертханалық өзгерістердің жиынтығы бойынша анықталады.

«Заңнамалық түрде клиникалық хаттама пациентті диагностикалау мен емдеудің жалпы талаптарын қамтитын құжат болып табылады. Бірақ әрбір пациент бірегей болғандықтан, ағзаның ерекшеліктері, қандай да бір қауіп факторлары бар, сондықтан дәрігер медициналық құжаттамадағы негіздерді көрсете отырып, клиникалық хаттамадан негізді түрде шыға алады»,-деп атап өтті Л.Ақтаева өз сөзінде.