Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, нарықты қажетті дәрі-дәрмектермен жедел толтыру үшін Үкімет бірқатар шаралар қабылдады. Оларды ҚР премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында таныстырды.

«Бір тәулік ішінде дәрілік заттарды бір рет әкелуге рұқсат беруге өтінімдер қарастырылуда. Дәрі-дәрмектерді сертификаттаудың жеделдетілген рәсімі және сертификат беру қолданылады. Әкімдіктермен бірге мониторинг топтары құрылып, олар жеке дәріханалардың көтерме қоймаларын аралап шығады»,- деді Е.Тоғжанов.