Алматы облысында білім беру саласында колледж студенттері мен оқушыларды қашықтықтан оқыту үшін барлық жағдай жасалған. Биылғы жылы 32 білім мекемесінің құрылысы жүргізіліп жатыр, соның 23-і мектеп, оның 17-сі үш ауысымды болдырмау мақсатында салынуда. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында айтты.

Оның айтуынша, «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 9 мың орындық тағы 6 мектептің құрылысы басталды. Мектеп көлігін жаңартуға 1 млрд теңге бөлінді, 70 жаңа жайлы автобус сатып алынды.

Сондай-ақ Елбасының Бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру мақсатында Талдықорғанда І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің студенттері үшін 280 және Қаратал ауданында колледжге арналған 50 орындық жаңа жатақханалар салынды. Жыл соңына дейін Талдықорғанда тағы 480 орынға лайықталған екі жатақхана пайдалануға беріледі.