Елордалық стационарларға түсетін пациенттердің саны 3 есеге артты.

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Кисикованың ақпараты бойынша, қалада 3 348 жұқтыру жағдайы тіркелген (өткен аптада 587 жағдай), күн сайынғы өсім 3% құрайды. 2 291 науқас сауыққан. Пандемия басталғаннан бері өліммен аяқталған 32 оқиға тіркелген.

Бүгінгі күнге стационарларда 2 610 пациент орналастырылды, алдыңғы аптамен салыстырғанда 3 есеге артты. Оның ішінде, коронавирустық инфекциямен асқынған пневмония бар пациенттердің 92%-ы. Стационарлардағы пациенттердің 129 тұрақты ауыр жағдайда, 50 пациент ӨЖЖ-да