ПТР-тест тапсырғысы келетіндердің қатары мен реагенттердің таусылған қоры Алматының зертханалық қызметі жұмысының істен шығуына себеп болды. Халықты COVID-19 диагностикасымен қамтуды арттыру үшін 2 қосымша зертхана ашылды. Бұл туралы Орталық Коммуникациялар Қызметінің баспасөз отырысында қала әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді.

Жалпы, жұмыс істеп тұрған 8 зертхананың қуаты тәулігіне 4 мың зерттеуді құрайды. Тестілеу басталғаннан бері олар 245,5 мың ПТР-зерттеулерді орындады. 56 мың зерттеуге арналған тест жинақтарының қоры бар.