Логистика медицинадан кем емес рөл атқарады. Алматыда арнайы вирусқа қарсы хаттамалар негізінде карантиндік шаралар сақтай отыра экономикамен біріктіріліп қала өмірін ұйымдастыруға тырысуда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында онлайн-баспасөз мәслихаты барысында облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлім етті.

Құжат 15 бірінші кезектегі қадамды қамтиды. Бұл Алматы мен облыстың карантиндік режимдерін синхрондау, жұқтыру ошақтарын бұғаттау және бұғаттаудан шығару. Барлық ашылатын кәсіпорындарда халықтың қарым-қатынас қарқындылығына байланысты қызмет көрсетуші персоналдың міндетті түрде "кіруде" бақылаумен вирусқа қарсы режим енгізіледі.

Мамандар тапшылығын шешу үшін бейінді емес дәрігерлер қайта оқытылады. Ал көрме орталықтары, спорт кешендері мен жатақханалар далалық госпиталь ретінде ашылған. Ауыр және реанимациялық бөлімшелерді білдіретін төртінші және бесінші эшелондарға жүктемені болдырмай, науқастарды қатаң сұрыптайды.