Азаматтардың карантинді қатаңдатуға қатысты сұрақтарына жауап бере отырып, Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой аймақтардағы және жалпы ел бойынша эпидемиологиялық қауіпсіздікті, сондай-ақ бизнеске ықпал етуді ескере отырып, Денсаулық сақтау министрлігі карантинді енгізудің бірнеше нұсқаларын немесе қатаң шектеу шараларын ұсынғанын атап өтті.
"Қазіргі уақытта мұндай шаралар әзірленген. Соңғы шешімді жақын арада мемлекеттік комиссия қабылдайды", - деп толықтырды А. Цой.