Журналистің сұрақтарына жауап бере отырып, Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова "Фармация" СК-ны қайта сатуға қатысты әлеуметтік желілерде белсенді жарияланымға түсініктеме берді.

Вице-министрдің айтуынша, Катардан жеке қорғаныс құралдары (костюмдер, көзілдіріктер, маскалар, бахилалар) түрінде гуманитарлық көмек келген. Бұл ретте дәрілік препараттар түскен жоқ.

«Қазіргі уақытта барлық гуманитарлық жүк Бірыңғай дистрибьютордың қоймаларында орналасқан. Әкелу рәсімі белгілі бір уақытты алды, өйткені барлық өнім сапаға сәйкестігін растайтын құжаттарсыз келді. Өндіруші елден аталған құжаттарды сұрауға тура келді. Оған сәйкес барлық өнім елдің медициналық ұйымдары бойынша Бірыңғай дистрибьютор арқылы тасымалданады», - деді Л.Бюрабекова.